Компания туралы


«Ereymentau Wind Power» ЖШС 2011 жылы 24 қарашада құрылды. Серіктестік қызметінің негізгі бағыты – электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып өндіру.

Қазіргі кезде «EWP» ЖШС «Ерейментау қ. ауданында келешекте қуатын 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асырумен айналысады. Еуропа қайта құру және даму банкімен (EBRD) аталған жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ «Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы болып табылады.

Басшылық:

  • Бас директор: Оралов Ералы Еркінұлы
  • Өндіріс жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары — бас инженер: Кынатов Әділ Маратұлы
  • Бас директордың орынбасары: Баянғазин Эльдар Ерболұлы
  • Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары: Придонов Марлен Жаркенұлы